АХҚО Жасыл қаржы консультативтік кеңесі

АХҚО Жасыл қаржы консультативтік кеңесі

АХҚО жанынан Жасыл қаржы жөніндегі консультативтік кеңес құрылды. Кеңестің міндеттері:

  1. АХҚО Басқарушысына, Әкімшілігіне және органдарына АХҚО-ны Орталық Азия мен Шығыс Еуропада жасыл қаржының өңірлік хабы ретінде дамыту мен ілгерілетудің саясаты және стратегиясының мәселелері бойынша консультациялар беру;
  2. Жасыл қаржыны дамыту саласында АХҚО әкімшілігі мен органдары әзірлейтін құжаттар бойынша сарапшылық пікір беру;
  3. АХҚО-ны жасыл қаржы хабы ретінде ілгерілету үшін жасыл қаржы мен тұрақты даму салаларындағы жетекші халықаралық ұйымдарды тарту;
  4. Жыл сайынғы «AIFC Green Finance Award» сыйлығының номинанттарын іріктеуге және тізімін келісуге қатысу.

Кеңестің қазіргі құрамындағы мүшелер:

  1. Шон Кидни – Climate Bonds Initiative Бас атқарушы директоры және тең құрылтайшысы;
  2. Николай Подгузов – Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы
  3. Профессор Александр Ван де Путт – АХҚО стратегиялық мәселелер жөніндегі директоры;
  4. Винсент Дуйнхауэр – Директордың көмекшісі, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі бөлімінің жетекші менеджері;
  5. Майкл Шерен – Англия Банкінің Аға кеңесшісі;
  6. Линар Якупов – IFC Linova Бас директоры;
  7. Ма Цзюнь – Цинхуа Ұлттық қаржылық зерттеулер институтының Қаржы және даму орталығының директоры.

АХҚО Жасыл қаржы орталығы әзірлеп жатқан құжаттардың, актілерге түзетулердің жобалары бойынша консультациялар өткізу, жасыл жобаларды қолдау шараларын талқылау, сондай-ақ оларға жаңа қаржы тетіктерін әзірлеу үшін индустрия өкілдерінің қатысуымен Кеңестің фокус-тобын құру жоспарлануда.

Соның ішінде, төмендегі бағыттар бойынша фокус-топтар құрылады:

  1. Жасыл қаржылар саласында АХҚО-ның реттеушілігі;
  2. Жасыл қаржыландыру саласындағы ҚР заңнамасы;
  3. Жасыл қаржыларға арналған инвестициялық шешімдер (жасыл облигациялар);
  4. Жасыл жобалар мен сараптама;
  5. Жасыл жобаларға арналған техникалық қолдау мен жаңа қаржы құралдары.

Фокус-топтар әр тоқсан сайын кездеседі.